Бірінші дүниежүзілік соғыс
Неміс сарбаздары француз солдаттарына берілу туралы ұсыныс жасап тұр. Суреттің түсірілген күні мен жылы белгісіз.
Француз әскерінің зеңбірегі. Суреттің түсірілген күні мен жылы белгісіз.
Француз әскерінің велосипедшілер бөлімінің солдаттары. Франция, Шампань өңірі, 22 қыркүйек 1915 жыл.
Германия әскерінің газ шабуылы. Сурет 1916 жылы Ресей ұшағынан түсірілген.
Италия армиясының "Ардити" шабуыл бөлімінің жауынгерлері.
Франция сарбаздары зеңбіректі өз елдеріндегі майдан шебінің басқа бөлігіне апара жатыр. Суреттің түсірілген күні мен жылы белгісіз.
Францияның шығысындағы Шампань өлкесінде жүрген француз сарбаздар.
Сербия королі Бірінші Петр (оң жақта, арбада) Германия бастаған одақтастар әскерінен шегініп барады. 1915 жылдың қарашасы.
Верден түбіндегі ұрыста тұтқынға түскен неміс солдаттары. Оларды француз сарбаздар тексеріп жатыр.
Францияның Шампань өлкесінде дін қызметкері француз сарбаздары алдында ғибадат ғұрпын өткізіп тұр.
Германия армиясының газ шабуылынан кейінгі Британия әскерінің шебі. 19 шілде 1916 жыл.
Санитарлық көлік. Бельгия, 1918 жылдың қыркүйегі.
Орыс әскері.
Франция жауынгерлері қаза тапқан қаруластарының мәйітін жинап жүр. Верден, 1 қазан 1917 жыл.
Франция сарбаздары елдің солтүстігіндегі майдан шебінде тамақ ішіп отыр.
Бельгияда жасалған пулеметті ит сүйреп барады. Франциядағы майдан шебі.
Француз офицер қаза тапқан қаруластарының зиратына қарап тұр. Франция, Шампань өңірі, 19 желтоқсан 1916 жыл.