"Лукашенко, кет!" Беларусьтегі қарсылықтың 11-аптасы
"Теледидар қарауды доғарып, терезеден қараңыздар" деп айқайлады наразылар. Мемлекеттің бақылауындағы БАҚ Беларусьтегі бейбіт митингілерді шамалы адам қатысатын, саяси өмірге еш ықпалы жоқ шара етіп көрсетеді.
Митинг өтетін күннің қарсаңында Беларусь ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Геннадий Казакевич билік заңсыз деп атаған наразылар шеруін тарату үшін "қажет болса қару қолданамыз" деп қорқытқан.
18 қазандағы шеруге алдыңғы апталардағыдан аз адам шықты.
Авторитар басшы Александр Лукашенконың отставкаға кетуін талап еткен жексенбідегі шеру барысында Беларусь милициясы 90-ға жуық адамды ұстаған. Елде тамызда өткен даулы президент сайлауынан кейін саяси тірестің жалғасып жатқанына 11 апта болды.
"Вясна" құқық қорғау тобының мәліметінше, Минскіде 18 қазанда билік күштері кемінде 77 адамды ұстаған. Одан бөлек басқа қалаларда да ұсталған азаматтар бар деп хабарлады құқық қорғаушылар.
Күздің ала бұлтты, салқын күні Минскінің орталығына мыңдаған адам наразылық акциясына шықты.
Наразылар шеруге қызыл-ақ түсті ту ұстап шықты. Билік тыйым салған бұл ту оппозиция символына айналған.
Минскдегі наразылық шеруі. 18 қазан 2020 жыл.
Бейбіт акцияға шыққандар ту ұстап, Александр Лукашенконың отставкаға кетуін талап етіп ұрандады.
Наразылық шеруіне қатысушылар. Минск, 18 қазан 2020 жыл.
Билік Минск көшесіне беренді техника мен су шашатын көлік шығарып, жолды жапты.
Минскіде Лукашенкоға қарсылық акциясы кезінде селфи жасап тұрған адамдар.
Билік тыйым салған қызыл-ақ түсті ту наразылық символына айналған.
Наразылық шеруі кезінде Минск көшесінде жолды жауып тұрған күш құрылымдарының арнайы техникасы.