Париждегі сабантой мерекесі

Сабантой мерекесі нақты бір күнге байланбаған. Әдетте бұл мейрамды мамырдың соңынан маусымның соңына дейінгі аралықта тойлайды.

Сабантой тарихы ерте заманнан бастау алады. Зерттеушілердің пікірінше, бұл дәстүр жер өңдеумен байланысты, халық бұл мерекені жиын-терім көп болсын деген ырыммен тойлаған. 

Сабантой - Жер-Анадан мол өнім тілеген халықтың арман-мұратынан туындаған мереке.

Сабантой кезінде түрлі ұлттық ойындардан жарыстар да өтеді. Оған әркім қатысып, бақ сынай алады.

Ресей федерациясы құрамындағы Татарстанда бұл мерекеге мемлекеттік мәртебе берілген. Башқұртстанда да бұл мейрамды бүкіл халық болып тойлайды.

Сабантой әуелі ауылдар мен қалаларда өтеді, ал соңында Татарстан мен Башқұртстан астаналары Қазан және Уфа қалаларында ұлан-асыр тойға ұласады.

Ресейдің өзге де өңірлерінде және шетелдерде тұратын татар мен башқұрт диаспоралары да сабантойды атап өтеді.

Ресей құрамындағы Татарстан республикасы үкіметінің сабантойды ЮНЕСКО ұйымының бейматериалдық мәдени мұралар тізіміне енгізуге тырысып келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болған.

Әдетте қалаларда сабантой үлкен алаңдарда ұйымдастырылады.

Ауылды жерлерде тұрғындар сабантой мерекесі күні қонаққа келген туған-туыс, дос-жаранды құшақ жая қарсы алып, дастарханға тәтті-дәмдінің бәрін салады. Жұрт мерекеге алдын ала дайындалып, үйлерін жөндеп, әктеп, қадірлі меймандарға арнап ас әзірлейді.

Өнерпаздар мен спорттық ойындарға қоса жүртшылық сабантой мерекесі кезінде қолөнер шеберлерінің өнімдерін де тамашалай алады.

Суретте: Париждің Марс алаңындағы татар ұлттық аяқ киім үлгілері.

Париждегі сабантойдан көрініс.

Сабантой мерекесіне кәсіпқой әншілер және бишілермен бірге әуесқойлар да қатысып, өнерлерін көрсетеді.

Ұлттық және спорттық ойындарға жас та, кәрі де қатыса алады.

Татарлар үшін сабантой үлкен мереке болғандықтан оған алдын ала дайындалады. Мерекелік шараларды ақсақалдар басқарады, олар тойдың өту тәртібін белгілейді.

Сабантой – халықтың ана тілі мен төл мәдениетінің мерекесі.

Таңертең басталған сабантой мейрамы кеш батқанша жалғасты.

Париждегі сабантойға Татарстаннан келген делегация мүшелерінің көбі ұлттық киім киген.

Татарстаннан келген өнерпаз Эйфель мұнарасы жанындағы сахнада ән салып тұр.

Париждегі сабантойды тамашалап тұрған көрермендер.

Париж тұрғындары мен қала қонақтары Татарстаннан барған 200-ге жуық өнерпаздың концерттік бағдарламасын күні бойы тамашалады.

Эйфель мұнарасы алдындағы алаңда өткен сабантойға жиналған адамдар.

БАҚ өкілі Париждегі сабантойға ұлттық киіммен келген әйелдермен әңгімелесіп тұр.