Таулы Қарабақтағы майдан өтінде не болып жатыр?

Армян әскері позициясын ұстап қалуға тырысып жатыр. Алғы шептегі армян солдаты. 18 қазан.
 

Этникалық армян күштерінен азат етілген Жабраил қаласында тұрған әзербайжан жауынгері. 16 қазан.

73 жастағы отставкадағы полиция офицері Геннадий Аванесян Степанакерттегі қираған үйінің орнында заттарын іздеп жүр. Степанакерт – Таулы Қарабақтың басты қаласы, атыс басталғанға дейін мұнда 55 мың тұрғын болған. 10 қазанда қалаға әуеден зеңбірек жауды.

Әзербайжандағы екінші ірі қала – Гәнжә тұрғыны қираған үйінің ортасында отыр. Құтқарушылар үйінді астынан туыстарын іздеп жатыр. 17 қазанда қаланың тұрғын ауданына зымыран құлаған.

Армян солдаты майдан сызығында ұшып жүрген дронға қарап тұр. 18 қазан.

Әзербайжан солдаты Жабраилде қираған көліктің қасынан өтіп барады. 16 қазан.

63 жастағы Артур Саакян Таулы Қарабақтағы Шуши ауылында артиллерия снаряды түскен Свято-Спасск соборында дұға оқып тұр. 13 қазан.

Тұрғын үйлерге зымыран түскен Гәнжә тұрғындар тірі қалғандарды іздеу жұмыстарын бақылап тұр. 11 қазан

Минадан тазалайтын Halo Trust қоғамдық ұйымының өкілі Степанакерттегі аулаға «бұл жерде жарылмаған зымыран бар» деген белгі қойып жатыр. 14 қазан.

Үйіне зымыран түсіп, опат болған Гәнжә тұрғындары Ройал Шахназаров, Зулейха Шахназарова және олардың қызы Медине Шахназарованың туыстары жерлеу рәсімі кезінде қайғырып жылап жатыр. 17 қазан
 
 

Степанакертте анасы Таулы Қарабақтың туына оралған ұлын жерлеп жатыр. Таулы Қарабақ - халықаралық деңгейде Әзербайжанның жері деп танылған, бірақ көбіне армяндар тұратын аймақ. 17 қазан.

Жабраил қаласын Әзербайжан күштері бақылауға алғаннан кейін қирап қалған танк.
 

Таулы Қарабақтың Мартакерт ауданында құлаған көрші үйге ауыл тұрғыны келіп тұр. 15 қазан.

Майдан шебіне жақын маңдағы Тартарда бомба түскен жерде тұрған жергілікті тұрғын. 18 қазан.

Степанакерт маңындағы ауруханада жарақатын таңғызып жатқан содат. 14 қазан.
 

Михаил Исмаилов үйінің қасында оқ пен зымыраннан қорғану үшін қазылған окопта тұр. 14 қазан.

Степанакерттегі бүлінген үйдің маңында бір-біріне тамақ беріп тұрған тұрғындар. 8 қазан.

Тартардағы қалқада аспапта ойнап отырған 32 жастағы Коукар Мовсумов. 19 қазан.

AFP агенттігі Таулы Қарабақта Әзербайжан мен Армения арасында жүріп жатқан қақтығысқа ең тәжірибелі екі фототілшісін жіберді. Тілшілер Әзербайжаннан бөлінгенін жариялаған бұл аймақта 27 қыркүйекте соғыс оты тұтанғалы жағдайдың қалай болып жатқанын камераға тартты.