Украина Ресей қорғанысының бірінші шебін бұзғанын мәлімдеді. Майданда не болып жатыр?

Украина өрт қызметкерлері Запорожье облысы түбіндегі майданға жақын жерде шөпке түскен өртті сөндіріп жатыр. 3 қыркүйек.

Украинаның шенді әскери қызметкерлері осы аймақта Ресей қорғанысының берік деген бірінші шебін бұзғанын айтып отыр.

Ресей шабуылына ұшыраған қоймадағы жағдай. Запорожье облысы. Сурет 3 қыркүйек күні түсірілген.

"Таврия" әскери тобын басқаратын украиналық бригада генералы Александр Тарнавский 2 қыркүйекте жарияланған сұхбатында Украина әскері елдің оңтүстігінде "Ресей қорғанысының бірінші және екінші шептерінің ортасында жүргенін" айтты. Ол "бәрі алда" деді.

Ресейлік танк экипажының мүшесі снаряд тасып жүр. Донбасс, Украина. 1 қыркүйек.

Украина әскерінің оңтүстікте ілгері жылжығанын Киев мәлімдеп, Пентагон растап отыр. Бірақ жағдайдың мән-жайы әлі беймәлім.
 

Украина сарбазы Донецк облысындағы позициясынан дрон ұшырып тұр. 4 қыркүйек.

Украина 46-шы десанттық-шабуыл бригадасының өкілі 2 қыркүйекте BBC басылымына Ресей қорғанысының "бірінші шебінен ешкім аса қоймағанын" айтқан.

Украина және Ресей позицияларының ортасындағы алаң. Бахмут түбі, 3 қыркүйек.

Украина қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр 4 қыркүйекте Украина күштері кейінгі күндері қазір Ресей бақылауында тұрған Бахмут түбінде елеулі жетістікке жеткенін айтты.

Украина сарбаздары Бахмут түбінде пикап көлігінде жол жүріп барады. 3 қыркүйек.

Соғысты зерттеу институты 3 қыркүйекте геолокациясы көрінген кейінгі кадрларға сілтеп, Украина күштерінің Клещеевка селосына кіргенін айтты. Бұл село Бахмуттан жеті шақырым жерде орналасқан.

Украина 3-шабуыл бригадасының сарбаздары Бахмут түбінде сап түзеп тұр. 3 қыркүйек.

Киевтің жетістіктері туралы хабарлар Батыс Украина шабуылының баяу жүріп жатқанын алаңдаушылық білдірген тұста шығып отыр. Сарапшылардың кейбірі Украинаның бірнеше айға ұласқан қарымта шабуылы Ресей қорғаныс шептерінде "тұралап қалғанын" айтады.

https://www.telegraph.co.uk/world-news/2023/08/18/ukraine-fail-counter-offensive-crimea/

Украина сарбазы Бахмут түбіндегі окопта тынығып отыр. 3 қыркүйек.

Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесте стратегиялық коммуникациялар жөніндегі координатор Джон Кирби 2 қыркүйекте "Аноним шенеуніктердің сынын бәріміз көрдік, бұл сын Украинадағы әскери қимылдарға еш көмектеспейді" деді.

Украинаның оңтүстіктігі мен солтүстік-шығысында ауыр шайқас жүріп жатыр. Киев шайқас жүріп жатқан жерлердің бірінде Ресей қорғанысының бірінші шебіп бұзып өткенін мәлімдеді. Ал Ресей әскері майданның өзге аймақтарында қысымды күшейткен.