Әлем жайлы мәліметтер

ВИЧ жұқтырғанын әлі білмейтін адамдар - 19 миллион.

Қытайда биыл шамамен 2 мың 400 адам өлім жазасына кесілді.  

Балалар өлімінің 45 пайызы тоя тамақ ішпеумен байланысты.  

Әлемдегі әйелдер мен қыздардың 35 пайызы жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған.  

Мың бөлмесі бар, 615 миллион АҚШ доллары тұратын бұл сарай Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның жарлығымен салынған.  

Жоғарғы Рада Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович биліктен кетсін деген шешім шығарғанға дейін Майдандағы наразылар 93 күн тарамай тұрды. 

"Ислам мемлекеті" террорлық ұйымының күн сайын мұнай сатудан түсіретін пайдасы - 846 мың доллар.  

Ресейдің Орталық банкі болжамынша, бұл елдің 2015 жылғы экономикалық өсімі 0 пайыз болады.  

Пәкістандықтардың 89 пайызы ешқашан интернет пайдаланып көрмеген.  

Әлемде әлі күнге коммунистік режим ресми түрде сақталып қалған 5 ел бар.  

Қазір әлемде алдын ала тергеуге қамалған адамдар саны - 3 миллион 300 мың. Олар тергеу абақтыларында шамамен 600 миллион күн отырады. 

Ресей азаматтарының 48 пайызы Сталин репрессиялары қайталанады деп қауіптенеді.