"Қытай біздің жерімізде де Шыңжаңдағыдай жасайды"

Есімін жарияламауды сұраған қазақстандық студенттің сөзінше, Гонконгтегі Политехникалық университетті (PolyU) наразылар «қорғану үшін қолданған». Фотода наразылар Homantin ауданымен байланыстыратын көпір мен университет маңындағы ең ірі жолды жауап тұр. Олар жолды жабу үшін орындық-үстелдерді, «қолдарында бар заттарды» пайдаланған.  

PolyU университетіне қарай бара жатқан полицей көліктері. Фото 28 қараша кешкісін жатақхана терезесінен түсірілген.

18 қарашада полицейлер PolyU университетін босатпақ болды. Полиция кампусты қоршап, наразыларға көзден жас ағызатын газ, суатқыш қолданды. Фотоны сол маңда болған қазақстандық студент түсірген.

Жергілікті студенттер наразыларды қорғау үшін полицияның әрекетін камерадан аңдып, демонстранттарға рация арқылы хабар беріп отырған.  

Университет маңында наразылар полицияға жаңғыш заттар салынған бөтелкелер лақтырып, салдарынан ғимарат маңында өрт болды.

PolyU университетінің асханасына наразылар «Қымбатты әлем, Қытайдың Коммунистік партиясы сіздің үкіметіңізге еніп алмақ, Қытай кәсіпорындары  біздің саяси ұстанымымызға араласып жатыр. Қытай сіздің үйіңізде Шыңжаңдағыдай жасайды. Осыны біл, не келесі құрбан біз боламыз» деген жазу қалдырған.

Наразылар метроға кіреберісті бітеп, жолдарды жапты. Қалада қозғалыс қиындады. Қазақстандықтардың сөзінше, олар әуежайға бір күн бұрып келіп алып, сонда түнеп рейс күткен.

Студенттердің сөзінше, Қазақстанның Гонконгтегі елшілігі оларға көмек қолын созып, елге қайтуға септескен.

 

Гонконгте оқыған қазақстандықтардың көңілі алаң. «Егер Гонконгке оралғанның өзінде, онда өмір сүру қауіпсіз бола ма, ол жағын білмейміз? Қазақстандағы университтерге әлде шетелдің басқа университеттеріне құжат тапсырамыз ба, әлде наразылықтың аяқталуын күтеміз бе, ол жағы да белгісіз» дейді студенттердің бірі. Политехникалық университеттің студенттері осы семестрді онлайн оқып бітірмек. Олардың сөзінше, университет кампусын жөндеу жұмыстарына жапқан. Қазақстан студенті түсірген суреттен Коулон аралы мен Гонконгті байланыстырып жатқан туннельдің қалай қирағанын көруге болады.

18 қарашада Гонконгтегі наразылық кезінде полиция Баптистер университетінің 1-курс студенті қазақстандық Абилькаир Нукпиді ұстаған. Оны қамаудан босатпаған, ісі қаңтарда қаралады.

Қараша соңында Гонконгте аймақтық билік органдарының сайлауы өткен. Сайлауда дауыстың басым бөлігін елдегі демократиялық өзгерісті қалайтын кандидаттар жеңген. Елде наразылық әлі тоқтаған жоқ. Наразылар Гонконгтің Қытайдан толық бөлініп шыққанын қалайды. 25 қараша 2019 жыл (AFP).

1 желтоқсанда полиция мыңдаған наразыны күшпен таратты. Наразылық басылмай тұр.