Жексенбі, 4 наурыз, 11:48. Күдіктілер Солсбериге қайта келген сәт. Олар теміржол вокзалынан шығып барады.
Күдіктілер Солсберидегі Уилтон-роуд көшесінде тұр. Сергей мен Юлия Скрипальды улар алдындағы сәт. 4 наурыз, 11:58.
Күдіктілер Солсберидегі Фишертон көшесінен теміржол станциясына бара жатыр. 4 наурыз, 13:05.
Күдіктілер Солсберидегі Фишертон көшесінен теміржол станциясына бара жатыр. 4 наурыз, 13:08.
Күдіктілер Солсбериден Лондонға қайтып барады. 4 наурыз, 13:50.
Күдіктілер Лондондағы Хитроу әуежайында төлқұжат тексеруінен өтіп жатыр. 4 наурыз, 19:28.
Полиция күдіктілер қонған City Stay Hotel қонақ үйін тексеріп жатыр. 5 қыркүйек.
Полицияның мәліметіне сәйкес, "Новичок" уын екі күдікті Ресейден әтірдің құтысына құйып әкелген де, уды Скрипальдің Солсберидегі үйінің сыртқы есігінің тұтқасына жағып кеткен. Құтыны маусым айында көршілес Эймсбери қаласының тұрғыны Чарли Роули тауып алған. Ол аман қалса да, досы Дон Стерджесс уланып өлген.
Чарли Роули тауып алған Nina Ricci Premier Jour деген жазуы бар қорап. Полиция құтының наурыздан маусымға дейін қайда боғанын әлі анықтай алмаған. Сол себепті ресейлік екі күдіктіге Стерджесті өлтірді деген айып әзірше тағылмаған.