Борышкерлер акциясы
Your browser doesn’t support HTML5
Алматыда ипотекалық несиеге үй алып, қарызын өтей алмай жүрген ондаған борышкер "Казкоммерцбанктің" Әл-Фараби даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысында орналасқан бөлімшесі алдында наразылық шарасын өткізді. Бірнеше банктен ипотекалық несие алған борышкерлер экономикалық жағдай мен теңгенің үздіксіз құнсыздануына байланысты қарыздарын төлей алмай жатқанын айтып, қарыздарды қайта есептеуді, келісім-шарттың кей тармақтарын өзгертуді сұрады. Алматы, 20 қаңтар 2016 жыл.