Толған аурухана, қазылған көр, жақынын жоғалтқан жұрт. Коронавирус Иранды да әуреге салды
Тегерандағы Шохадай Тажриш ауруханасында медбике науқасқа қарап жатыр.
Аурухана қызметкері Covid-тен көз жұмған екі адамның мәйітін әкетіп барады.
Иранның кейбір ресми қызметкерлері вирустан жапа шеккендер саны ресми деректен көп болуы мүмкін екенін мойындады.
Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ираж Харирчи алдағы бірнеше апта өлім көрсеткіші өседі деп ескертті.
Иранның ресми тұлғалары вирустың Үндістанды әбігерге салған аса жұқпалы түрі бұл елге де жеткенін айтты. Коронавирустың бұл типі алдымен Ұлыбританияда табылып, соның кесірінен ауру жұқтырғандар күрт көбейген.
Жұрт сақтық шараларына бей-жай қарап, жиын-тойға көп барғаннан әрі Наурыз мерекесі кесірінен вирус жұқтырғандар күрт көбейген.
84 миллион халқы бар Иран коронавирустың төртінші толқынына төтеп беру үшін 10 сәуірден бастап Тегеранда және басқа ірі қалаларда жартылай локдаун енгізді.
Тегерандағы Шохадай Тажриш ауруханасында медбике науқасқа қарап жатыр.
Ақпанда басталған Ирандағы екпе науқаны тым баяу жүріп жатыр. 27 сәуірдегі дерек бойынша, вакцинаның 824 мың дозасы ғана салынған.
Covid-тен қайтыс болған ер адамның төсегінде гүл шоғы, қасында жүрек формасындағы шар тұр.
Тегерандағы ШохадайТажриш ауруханасының қызметкері коронавирустан көз жұмған кісінің мәйітін алып барады.
Иран астанасының шетіндегі Бехешт-е-Захра зиратының қызметкерлері жаңа бейіттер үшін шлакблоктан қабырғалар тұрғызып жатыр.
Covid-тен көз жұмған адамның мәйіті жерлеуге дайын тұр.
Зират қызметкері коронавирустан көз жұмған адамның мәйітін жерлеуге дайындап жатыр.
Бехешт-е-Захра зиратында Covid-тен қайтқан кісінің жаназасы оқылып жатыр.
Коронавирустан көз жұмған кісінің денесін туыстары әкетіп барады.
Коронавирустан қайтыс болған кісінің туыстары мәйіт қасында жылап тұр.
Жақынынан айырылған адамдар.