Ирандағы өмір

Иракпен шекара аймағы. 2009 жылы осы жерде АҚШ-тан келген үш турист тұтқындалған.  

Иран-Ирак шекарасы жанында қой бағып жүрген адам. 

Тегерандағы АҚШ-тың бұрынғы елшілігінің ғимаратындағы жазу.  

Сепахсалар мешіті мұнарасынан қарағандағы Тегеран көшесі.  

Тегерандағы қазіргі заман өнері музейі.

Тегеран метросы.

Тегеран базары.

Ауғанстанмен шекарада орналасқан Мешхед қаласы көшелерінде жүрген адамдар. Иранның шығыс аймағы басқа өңірлеріне қарағанда дәстүрге берік деп саналады. 

Тегеранды суретке түсіріп жүрген әйелдер.

1979 жылы болған Иран революциясының көсемі, аятолла Хомейни кесенесі. Бұл құрылысты 25 жылдан бері бітіре алмай келеді. 

Иракпен шекарадағы Паланган ауылы. Тұрғындардың көбі жергілікті балық фермасында жұмыс істейді әрі жартылай әскери Басидж милициясының мүшесі. Милиция жұрттың "батыстанып" кетпеуін күзетеді.

Паланган қойшылары. 

Паланганда тұратын күрд қызы. Ауыл қия беткейде орналасқан, кей үйлердің төбесі көршілерінің ауласы болуы мүмкін.  

Иран мен Ирак шекарасы бойында Күрдістан аймағы орналасқан. Ирак таулары арқылы жасырын алкоголь тасылады. Иранда ішімдікке тыйым салынған. Ал қара базарда сыраны 10 долларға алуға болады. 

Тегерандағы үлкен зиратты Бехеште-Захра атайды. Бұл жерде иран-ирак соғысы кезінде қаза тапқан адамдардың бейіттері де бар. 

Суретте: құлпытас жуып жүрген адам.

Тегеран жастары солдаттармен төбелесіп жатыр.  

Иранның соңғы шахы бейнеленген сувенир табақ. Шах билігі 1979 жылы құлаған.

Тегерандағы жасөспірімдер. Фотограф Амос Чаппл "жастар Иранның әлемдегі нашар имиджі үшін ұялады" дейді.  

Иран шахы Мохаммед Реза Пехлеви билігі құлаған кезде ислам революционерлері оның ескерткішін екіге бөліп тастаған. Саадабад сарайы алдында Пехлевидің аяқтары әлі тұр. 

Иранға келетін туристер көбейіп келе жатқанымен, гидтің сөзіне қарағанда, Батыс елдерінен келген азаматтар Иран үкіметінің қатаң саясатынан әлі қорқады. 

Суретте: Шираз қаласындағы Уәкіл мешіті.