Иранда симфониялық оркестрдің халі мүшкіл

Тегеран симфониялық оркестрі. Иран, 14 ақпан 2012 жыл.

«Батыс санкциясы мен консерваторлар күдігінің кесірінен Иранның 80 жылдық тарихы бар симфониялық оркестрі жабылудың аз-ақ алдында тұр» деп жазады Guardian басылымы қазанның 30-ы күні.
Мақала авторының зерттеуінше, Тегеран симфониялық оркестрі соңғы рет сахнада емес, VIP аудиторияда өнер көрсеткен. Тамыз айындағы осы соңғы концертті Иранның бас саяси жетекшісі, бір кездері «ислам құндылықтарын бүлдіреді» деген уәжбен музыканы аластауға тырысқан Аятолла Хомейнидің тамашалағанына қарап, кейбір адамдар «ол кісі оркестрді қолдайды» деп ойлаған.

ЕКІ ТҮРЛІ СЕБЕП

Алайда соңғы екі айда музыканттар қаржы тапшылығы кесірінен жұмыссыз қалды. Иран ақпарат құралдары «бір кездері соғыстан да, 1979 жылғы Ислам төңкерісінен де аман шыққан 80 жылдық тарихы бар оркестр жабылып қалуы мүмкін» деген хабар таратты.

Guardian-дағы мақала авторы да оркестрдің қаржылай қиындыққа ұшырау себебін жоққа шығармайды. Оның ойынша, бұл қиындықты «Батыстың санкциясының Иран экономикасына тигізген ауыр соққысы» деп санауға болады. Тығырыққа тірелген

Тегеран симфониялық оркестрі.

Иран басшылары төтенше жағдайда пайдаланатын азық-түлікті үнемдеу үшін дәнді-дақыл тауарларын экспорттауға тыйым салып жатыр. Бұл пікірге қосымша дәлел ретінде парламент спикері Али Лариджанидің «Біз қаржы тапшылығын бастан кешіп отырмыз. Біз үшін бұдан қиын кезеңдер әлі алда» деген мәлімдемесі де берілген.

Осындай қаржылық себептер айтылса да. автор оркестрдің күйреу тарихын әріден тарқатады. Иран «атом қаруын жасап жатыр» деген күдікке ілініп, Батыспен теке-тірес басталғанда Иранның діни жетекшілері оппозициядан күдіктеніп, кез келген нәрседен «батысшыл бағытта күшейіп бара жатыр» деп күмәндана береді дейді басылым.

Көнеден келе жатқан, бірнеше ірі концерт залы бар Тегеран симфониялық оркестрі консерваторлар тарапынан талай рет шабуылға ұшыраған. Себебі бұл оркестрдің

Тегеран симфониялық оркестрі.

тарихы Ислам революциясы кезінде тақтан құлаған батысшыл монархиямен тығыз байланысты. Оркестрдің даңқы дүркіреген 1960-1970 жылдары мұнда Иегуди Менухин сияқты танымал скрипкашылар өнер көрсеткен.

Оркестр 2009 жылы Махмуд Ахмадинежадтің күмәнді сайлауынан соңғы толқу кезінде Еуропаға турнеге барып қайтқан соң биліктің қырына іліккен. Мақала авторының жазуынша, Еуропадағы оппозицияны қолдайтын ирандықтар бұл концертті Иранның билік жүйесін сынайтын форум ретінде пайдаланып, мойындарына қарсылық қозғалысын білдіретін жасыл түсті шарф тағып келген.

Осы орайда мемлекет тікелей бақыламайтын Тегеран оркестрі сияқты мәдени ошақтар либералдардың мекені сияқты күдікке іліне бастады. Осындай күдіктің негізінде Иран билігі 20 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан тәуелсіз кино үйін де жауып тастады.

«ҮШ АЙДАН БЕРІ РЕПИТИЦИЯ ДА, ЖАЛАҚЫ ДА ЖОҚ»

Музыкант журналист Саба Радманның айтуынша, «музыканттар соңғы уақытта үкіметтен мүлде қолдау көрмей, әбден үміт үзген».

«Жергілікті билік соңғы бірнеше жылда көптеген концертті өткізбей тастады. Бірақ

Тегеран симфониялық оркестрі. Иран, 14 ақпан 2012 жыл.

мәдениет министрлігі ешқандай да қарсылық көрсеткен жоқ» дейді Радман.

Мәдениет министрінің орынбасары Хамид Шахабади музыканттардың біраздан бері жалақы алмағанын мойындай отырып, «оркестр әлі таратылмағанын»» да айтты. Бірақ Шахабади «музыканттар басқа жақтардан жұмыс қарастыра бергені дұрыс» деп, тіпті қайдан жұмыс таба алатыны жайлы ақыл-кеңес те берген.

Оркестр мүшелері ILNA жаңалық агенттігіне берген сұқбатында «Біз тұтас ұжым болып репитиция жасамағанымызға, жалақы алмағанымызға үш айдың жүзі болды» дейді.

Қазір оркестрдің құрамындағы ең тәжірибелі деген музыканттың алатын жалақысы такси жүргізушісінің орташа жалақысына жетпейді. «Музыканттар қосымша табыс табу үшін әр жерде, әр түрлі жұмыстар жасауға мәжбүр» деп жазады Guardian.