Ирактың бүгінгі бейнесі
Көне қала Әл-Мадаинді күзететін полицей үзілісте түскі асын ішіп отыр. Бұл археологиялық ескерткіш Бағдад қаласының оңтүстігінде, Тигр өзенінің бойында орналасқан.
Әл-Мадаиндегі тарихи ғимараттарды күзететін әскери бөлімшелер.
Нөсерден кейінгі Бағдад. Қаланың оңтүстік шекарасындағы бақылау-өткізу пунктінде әскери көлік тұр.
Киркуктегі үкімет ғимараты 30 адам қаза тапқан террорлық жарылыстан кейін осындай күйге түскен.
Кербалаға кірер жердегі бақылау-өткізу пунктінде отырған солдат.
Бір аяғынан айырылған адам бейіт аралап жүр. Ирактағы Вади-ус-Салам (Wadi-us-Salaam) зираты - әлемдегі ең үлкен қорымдардың бірі. Мұнда 5 миллион адам жерленген деген мәлімет бар.
Шиға мұсылмандар көп тұратын Эн-Наджаф қаласындағы мешіт.
Наджаф қаласының қираған жерлерін жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Наджаф қаласындағы саудагер.
Эн-Наджафтағы имам Әзірет Әлидің басына тәуәп етуге келген адам.
Кербалаға тәуәп етуге келген мүмкіндігі шектеулі әкесі мен қызына көмектесуші азамат.
Ашура мерекесіне келген шиға мұсылмандар.
Суретші портрет салып отыр.
Бұл балалар Кербаладағы қасиетті жерлерді көруге әке-шешелеріне еріп келген.
Киркук қаласындағы құрылысшы сәл дамыл тауып, демалу үшін шайханаға кірді.
Ирактағы күрд автономиялық ауданында сатуға қойылған суреттер.
Эрбил саудагерлері базарда шай ішіп отыр.
Ирбил қаласы алаңынан өтіп бара жатқан әйел.
Киркукта негізінен түркімендер мен күрдтер тұрады.
Киркук саудагері темекі тартып отыр.