Исламшыл содырлар талқандаған ежелгі Нимруд ескерткіштері

Ирак сарбазы Мосул қаласынан оңтүстікке қарай 30 шақырым жердегі ежелгі Ассирия патшалығы астанасы болған Нимруд қаласында исламшыл содырлар талқандаған көне заманғы тарихи ескерткіштердің жанында тұр. Ирак күштері қарашаның 13-і күні Нимруд қаласын «Ислам мемлекеті» экстремистік тобынан азат еткен.

1853 жылы салынған гравюрада автор Парсы патшалығы кезіндегі Нимруд қаласын бейнелеген.

Ежелгі Нимруд қаласы орнында 1910 жылдары түсірілген фотосурет.

Нимрудта 1950 жылдары археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген кезде түсірілген сурет.

Біздің дәуірімізге дейін 9-ғасырда Ассирия билеушісі болған екінші Ашурнасирпал патшаның сарайындағы қазба жұмыстары.

Ирак жұмысшылары 2001 жылы Нимрудта археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жұмысшылар археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған жартылай сақталған ескерткішті тазалап жатыр. Нимруд, 2001 жыл.

Ежелгі заманғы сарайға кіреберістегі тарихи ескерткіштерді суретке түсіріп жатқан АҚШ сарбазы. Нимруд, қараша, 2008 жыл.

Ежелгі Ассирия патшалығы дәуірінен қалған тарихи орындардың бірі осындай күйде болған.

Ежелгі қаланың қабырғалары жақсы сақталып, біздің заманымызға дейін жеткен еді.

Нимрудтағы басы адам, дене тұрқы қанатты жануар түрінде бейнеленген ескерткіш. Наурыз, 2012 жыл.

Сарайға кіреберістегі ескерткіштер.

«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Мосулды бақылауына алғаннан кейін көп ұзамай, 2014 жылғы наурызда Нимрудты басып алған. 2015 жылы сәуірде жарияланған видеода (суретте) исламшыл содырлардың Нимурдтағы ежелгі тарихи ескерткіштерді талқандап жатқаны бейнеленген.

Әлеуметтік желіде тараған видеоларда «Ислам мемлекеті» тобы содырларының Нимрудтағы тарихи ескерткіштерді жарылғыш зат қойып, жойғаны көрсетілген.

Нимрудтағы тарихи ескерткіштерді жарылғыш затпен жойғаны көрсетілген видеодан скриншот.

2016 жылғы қарашаның 13-і күні Нимрудты «Ислам мемлекеті» экстремистік тобынан азат еткен Ирак үкімет күштері көне қаладағы ежелгі тарихи ескерткіштердің жаппай қиратылып, жойылғанын көрді.

Нимрудта исламшыл содырлар қиратқан тарихи ескерткіштің қазіргі күйі. Қараша, 2016 жыл.

Ежелгі шумерлер, ассириялықтар және өзге де көне өркениеттер пайдаланған жазу үлгілері бар тарихи ескерткіштердің «Ислам мемлекеті» содырларынан кейін қалған қирандылары.

Ирак сарбазы Нимруд қаласында исламшыл содырлар қиратып тастаған ежелгі заманғы тарихи ескерткіш орнында. Нимруд, қараша, 2016 жыл.

Исламшыл содырлар қиратқан Нимрудтағы ежелгі тарихи ескерткіштердің орнын көріп жүрген адамдар. Нимруд, қараша, 2016 жыл.

«Ислам мемлекеті» тобы Нимрудтың тарихи ескерткіштерін жермен-жексен етіп, жер бетінен жойып жіберуді ұйғарған.

Ирак сарбазы бір кездері археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген жерде исламшыл содырлардан кейін қалған қирандылар үстінде тұр. Нимруд, қараша, 2016 жыл.

Ирак күштері ежелгі Ассирия патшалығы астанасы болған Нимруд қаласын «Ислам мемлекеті» экстремистік тобынан азат етті. Екі жылдан астам қаланы бақылауында ұстаған исламшыл содырлар көне заманғы баға жетпес тарихи жәдігерлерді талқандап, жойған.