Исламның бес парызының бірі – қажылыққа бару болса, осы жылғы қасиетті орында мінәжат ету шарасына шамамен 2,5 млн адам жиналды. Сауд Арабия қажылық парызын өтеймін деген қазақстандықтарға 4 мың квота бөлгенімен, Қазақстаннан қажылыққа 2 мыңнан аса ғана адам баратыны хабарланған еді.
Осы жылы қажылық сапарындағылар саны доңыз тұмауына байланысты азырақ болады деп болжалған еді.
Өткен жылы 5 мыңнан аса қазақстандық қажылық парызын өтеген болса, биыл доңыз тұмауы қаупіне байланысты 2 мыңдай ғана адам қажылыққа барды.
Сауд Арабия үкіметі тұмау эпидемиясына қарсы шараларды қолға алып, қажыларға медициналық жағдай жасағанын айтуда.
Хабарларға қарағанда, алғашқы күннің өзінде 4 қажы H1N1 вирусынан қаза тапқаны айтылып отыр, бірақ Сауд Арабияның денсаулық сақтау министрі Абдулла Абдул Азиз әл-Рабихтің айтуынша, билік доңыз тұмауының қажылар арасында таралып кетуіне жол бермеуге мұқият дайындалған.
«Мен өте сенімдімін, олай дейтінім біріншіден, дайындық жақсы. Денсаулық сақтау министрлігінің тобына сенемін, біздің жабдықтарымызға, керек жағдайда жеткілікті болатын мүмкіндіктерімізге сенемін»,- деп отыр министр.
Осыған дейін әр жылдары қажылық сапары кезінде адамдардың көп жиналуынан кептелістер орын алып, бірін-бірі таптап кеткен қайғылы жағдайлар орын алған.
Соған байланысты Мекке мен Медина аймағында 100 мың полиция мен қауіпсіздік күштері тартылған. 20 мың медициналық қызметкер халыққа дәрігерлік жедел жәрдем үшін әзірлік жағдайына қойылған.
Меккеде қажылық парызын өтеп жүрген тегі мароккандық Хамидо Абдул Рахим өзінің доңыз тұмауы эпидемиясынан қорықпайтынын айтады:
"Мұнда, Сауд елінде ешқандай доңыз тұмауы жоқ, әлхамдулилла. Сондай-ақ, аллаға шүкір бұл елде барлығы бар, дәрі-дәрмек, дәрігерлер дейсің бе. Әлхамдулилла мен ештеңеден қорықпаймын. Мен ешқандай вакцина қабылдамадым. Мен доңыз тұмауынан қорықпаймын, құдайға шүкір» дейді.
Мұсылмандар қажылық мыңдаған жылдар бұрын Ибрахим пайғамбар кезінен басталған деп біледі.
Бес күнге созылатын қажылық барысында түрлі дәстүрлі шаралар жасалады. Миллиондаған қажы Қағбаны жеті рет айналып өтіп, Меккедегі мешітте мінәжат оқиды. Мұсылман баласы үшін Қағба жершарындағы өте қасиетті орын болып саналғандықтан, қажылыққа барған барлық адам бес күн бойы оны айналып жүріп, дұға жасайды.
Қажылық өтеу кезінде мұсылмандар сондай-ақ Қағбаның бұрышындағы қара тасты сүйеді. Жеті рет Сафа мен Маруах тауларының арасынан жүріп өтіп, зәмзәм суынан ішеді.
Қажылықтың екінші күнінде сапаршылар Мина жазығына барып, онда бір түн өткізген соң, Арафат тауына көтеріледі.
632-ші жылы Мұхаммед пайғамбар соңғы уағыздарын айтқан делінетін Арафат тауына жиналған мұсылмандардың бәрі осы жерде бір күн болып, намазға жығылып Алладан кешірім сұрайды. Бұл – қажылықтың ең маңызды кезеңі деп есептеледі.
Қажылар кейін Мина жазығына қайта оралып, малды құрбандыққа шалу арқылы Құрбан айт мерекесін тойлайды. Бұған қоса қажылар шайтанға қарсы тас лақтыру шарасына қатысады.
Адамдардың бәрі тепе-теңдік пен тазалықты танытатын ақ киіммен жүреді.
Қажылықты аяқтау үшін мұсылмандар Мединадағы Мұхаммед пайғамбардың мешітіне барып, дұға оқиды.
Әрбір мұсылман баласы денсаулық жағдайы мен қаражат жағынан мүмкіндігі болса, өмірінде кемінде бір рет қажылыққа баруға тиіс делінеді.