АҚШ вице-президенті Камала Харристің саяси жолы
Камала Харрис туған қаласы Оклендте президенттік түсетінін мәлімдеген сәт. Калифорния штаты, 2019 жыл.
59 жастағы Харрис – Калифорния бас прокуроры болған алғашқы ақ нәсілді емес әйел, шығу тегі оңтүстік-азиялық америкалықтар арасында АҚШ сенаторы болып сайланған алғашқы адам және афроамерикалықтар арасында сенатор болған екінші адам. Сондай-ақ ол – америкалықтар арасында шығу тегі оңтүстік-азиялық және афроамерикалық алғашқы вице-президент.
Харристің әкесі Ямайкадан, анасы Үндістаннан шыққан. Жыл басында ол Instagram-да анасы туралы ой бөліске.
"Анам доктор Шьямала Гопалан өз өмірінде екі мақсат көздеді: омырау қатерлі ісігін емдегісі келді және сіңлім екеуімізді аяққа тұрғызғысы келді.
2011 жылғы 17 ақпанда түсірілген мына суретте сол кезде Калифорния бас прокуроры болған Камала Харрис АҚШ-тың сол кездегі президенті Барак Обама бір-біріне жылы шырай танытып тұр. Сол жақтан екінші тұрған – Калифорния штатының вице-губернаторы Гэвин Ньюсом, оң жақта тұрған – Сан-Франциско қаласының мэрі Эдвин Ли.
Харрис өз мансабын Сан-Франциско округтік прокуроры ретінде бастаған. Ол бұл қызметті 2004 жылдан 2011 жылға дейін атқарып, кейін Калифорния штатының бас прокуроры болып тағайындалды.
Калифорния бас прокуроры ретінде (2011-2017 жылдар) Харрис сот төрелігінің реформасына, қоршаған ортаны қорғауға және неке теңдігіне басымдық берді.
2012 жылғы 5 қыркүйекте Калифорния бас прокуроры Камала Харрис Демократиялық партияның Шарлот қаласында (Солтүстік Каролина штаты) өткен съезінде сөз сөйлеп, бүкіл елге танылды. Харристің спикер болып таңдалғанының өзі-ақ оның Демократиялық партия ішінде ықпалы артып келе жатқанын көрсетті.
Харрис 2013 жылғы 30 маусым күні Сан-Францискода өткен шерудің қатысушыларына қол бұлғап тұр.
ЛГБТ қауымының белсенді жақтасы ретінде ол "8-ұсыныстың" (Біржынысты некеге тыйым салатын 2008 жылғы ұсыныс) күшін жою үшін АҚШ Жоғарғы сотына талап-арыз түсірді. Оның талпыныстары Жоғарғы соттың 2013 жылғы шешіміне әкелді. Бұл шешім іс жүзінде Калифорния штаты үшін бір жынысты некені заңдастырып берді.
2014 жылғы 24 қазанда АҚШ-тың сол кездегі бас прокуроы Эрик Холдер (ортада) Калифорния бас прокуроы Камала Харриспен бірге "Айыпты деп тану және балама үкімдер" бағдарламасының түлектерімен сөйлесіп отыр. АҚШ-тың Лос-Анджелестегі округтік соты, Калифорния штаты.
Өткір тергеуші ретінде танылған сенатор Харрис (Калифорния штатынан сайланған, 2017 жылы төрт жылға сайланған) 2018 жылғы 5 қыркүйекте өткен сенаттағы тыңдауда Бретт Каваноға сұрақ қойып отыр. АҚШ-тың сол кездегі президенті Дональд Трамп Каваноны Жоғарғы сот судьялығына ұсынған.
50 сенатор қолдаған Кавано Жоғарғы сот судьясы болып тағайындалды.
2020 жылғы 16 маусымда түсірілген мына суретте Харрис сенатор Кори Букермен (Нью-Джерси штаты, демократ) бірге сенаттың құқық комитетіндегі тыңдауда отыр. Джордж Флойдтың өлімінен соң Харрис құқық қорғау жүйесін реформалауды зор табандылықпен талап еткен.
2020 жылғы президенттік сайлау қарсаңындағы дебатта сенатор Харрис бұрынғы вице-президент Джо Байденге (сол жақта) оның 1970 жылдардағы десегрегация туралы федералды заңға қарсы шыққанын еске салып жатыр.
"Калифорнияда мемлекеттік мектептерді интеграциялау аясында құрылған сыныпта оқыған бір кішкентай қыз бар еді. Ол күн сайын автобуспен мектепке баратын. Ол қыз мен едім" деді Харрис сол дебатта.
Харрис айтқан бағдарлама мектептерді десегрегациялауға бағытталған. Бағдарлама аясында Беркли қаласының бір ауданындағы оқушыларды автобуспен басқа аудандағы мектепке таситын.
Харрис пен Байден Милуокиде. Висконсин штаты, 2020 жылғы 20 тамыз. Сол күні ол екеуі ресми түрде өз партиясынан вице-президенттікке және президенттікке ұсынылды.
Харрис пен Байден Делавэр штаты Уилмингтон қаласындағы Алексис Дюпон орта мектебінде өткен сайлауалды жиында. 2020 жылғы тамыз. Байден Харристі вице-президент қызметіне ұсынғалы екеуі жұрт алдына бірінші рет бірге шыққан.
Байден мен Харрис жұбы сайлауда жеңіске жеткен соң Үндістандағы Мумбай қаласының көшесінде осындай плакаттар пайда болды.
Харристің анасы Үндістаннан шыққан.
Харрис АҚШ вице-президенті ретінде ант беріп тұр. Оның күйеуі Дуг Эмхофф Библия кітабын ұстап тұр. Байден мен Харристің инаугурациясы Капитолий алдында өтті. Вашингтон қаласы, 2021 жылғы 20 қаңтар.
Харрис (сол жақта) пен өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Украина президенті Владимир Зеленский Бахмуттан әкелген Украина туын ұстап тұр. Зеленский Конгрестің жалпы отырысында сөз сөйлеген кез. 21 желтоқсан 2022 жыл.
Харрис Байденнің Конгресстегі сөзінде түрегеп қол соғып тұр. Оның жанында өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон (Луизиана штаты, республикашыл) отыр. 7 наурыз 2024 жыл.
Солтүстік Каролина штатында сөз сөйлеген Байденді құшақтап тұрған Харрис. 26 наурыз 2024 жыл. Байден Трампқа қарсы теледебатта сәтсіз сөйлеген соң, Харриске деген назар күшейді.