Қаңырап қалған Кашмир
Дели Кашмирді автономия статусынан айырмас бұрын аймаққа әскер кіргізіп, туристерді шығарды. Оқу орындары жабылып, интернет пен байланыс нашарлады. Қазір қала көшелері бос. 11 тамыз 2019 жыл.
Үндістан билігі Кашмирді автономия статусынан айыру шешімін сепаратизм және экстремизмнің алдын алу деп түсіндіреді.
Кашмир тұрғыны мешіттен шығып келеді. Аймақта тұратындардың басым бөлігі - мұсылман. Кашмирдегі ең ірі қала Сринагардағы дүкендер мен сауда орындары жабық.
Кашмир көшелерінде үндістандық полицейлер көп.
Кашмир тұрғындары Делидің шешіміна қарсы шықты.
Кашмир тұрғыны жабық тұрған дүкеннің жанынан өтіп барады. 11 тамыз 2019 жыл.
Дели Кашмир аймағында наразылық басталып кете ме деп қауіптенеді.
Бұған дейін Үндістанның басқа аймағының тұрғындары Кашмирден үй, ғимарат сатып ала алмайтын. Енді Кашмир өз мәртебесінен айырылған соң Үндістанның кез келген тұрғыны бұл аймақтан үй ала алады.
Кашмир көшесіндегі полиция автобусы.
Кашмир аймағын Пәкістан мен Үндістан әлі нақты бөлісе алмай келеді. Бұл аймақтағы түрлі жанжалдар екі ел арасындағы қақтығыстарға себеп болған.
1947 жылы Үндістан мен Пәкістан Ұлыбританиядан тәуелсіздік алған. Сол уақытта халқының 70 пайызын мұсылмандар құрайтын Кашмир аймағының махараджасы (жергілікті басқарушы) Хари Сингх Үндістанға қосылу туралы шешім қабылдаған. Осы шешімнен кейін 1947 жылы Кашмирде Пәкістан мен Үндістан арасында соғыс басталып, екі жылдан кейін - 1949 жылы БҰҰ бұл аймақты Үндістан мен Пәкістанға бөліп берген.