Мөлдір Адылова қамаудан шықты
Your browser doesn’t support HTML5
Алматыда «жер реформасына қарсы митинг өтеді» деген 21 мамыр қарсаңында ұсталып, «рұқсат етілмеген митинг ұйымдастыру» бабы бойынша 15 күнге қамалған азаматтардың бірі Мөлдір Адылова бостандыққа шықты. Оны әкімшілік жазаға тартылғандарды қамау орнының алдында бірнеше азаматтық белсенді күтіп алды. Мөлдірді туыстары журналистермен көп тілдестірмей, асығыс алып кетті.