«Қазақ» газетіне - 100 жыл
"Қазақ" газетінің 1914 жылғы 14 ақпан күнгі №50 саны "Қыр баласының" қазақтың дәстүрлі билер сотын қалпына келтіру қажеттігін айғақтап жазған "Би һәм билік" мақаласымен ашылады.
"Қазақ" газетінің құрылтайшылары (солдан оңға қарай): Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан және Міржақып Дулатұлы.
Бірінші қатарда отырғандар: "Қазақ" газетінің демеушісі Хасен Ақайұлы мен бәйбішесі. Тұрғандар: ортада Смайыл Байтенұлы, екіншісі - белгісіз.
Ахмет ишан Оразайұлы, "Қазақ" газетіне ақша беріп, демеушілік танытқан адам.
Әлихан Бөкейханов жиені Ескендірмен.
Ахмет Байтұрсынұлы, "Қазақ" газетінің үш құрылтайшысының бірі, әрі 1913-1917 жылдардағы бас редакторы.
Міржақып Дулатұлы, совет билігі жылдарында түскен суреті.
Шәкерім қажы Құдайбердіұлы, ақын, "Қазақ" газетінің авторларының бірі.
Мұхамеджан Тынышбайұлы, теміржол инженері, тарихшы, Алаш қайраткері, әрі Түркістан мұхтариятының (Қоқан автономиясының) бірінші төрағасы. "Қазақ" газеті авторларының бірі.
Мұстафа Шоқай, Түркістан мұхтариятының (Қоқан автономиясының) жетекшісі. "Қазақ" газеті авторларының бірі.
Ғұмар Қарашұлы, 20-ғасыр басындағы танымал дін қайраткері, ақын. "Қазақ" газеті авторларының бірі, әрі Алаш қозғалысы мен Алашорда автономиясының белсендісі.
Жүсіпбек Аймауытұлы, ақын, жазушы, драматург, мемлекет қайраткері. "Қазақ" газеті авторларының бірі.
Мағжан Жұмабайұлы, "Алаш" қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. «Қазақ» газетінің белсенді авторларының бірі.
Жақып Ақбайұлы, заңгер, құқық магистрі, 1903 жылы Санкт-Петербург университетінің заң факультетін үздік бітірген. "Қазақ" газеті авторларының бірі, Алаш қайраткері.
Халел Досмұхамедұлы (1883-1939), "Алаш" қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. «Қазақ» газеті авторларының бірі.
«Қазақ» газеті авторларының бірі, Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Жаһанша Досмұхамедовтың түрмедегі соңғы суреті. Мәскеу, 1938 жыл.
Әлімхан Ермеков, тұңғыш қазақ математигі, профессор, жоғары математикадан қазақ тіліндегі оқулық авторы, Алашорда үкіметінің мүшесі. «Қазақ» газеті авторларының бірі.
Биахмет Сәрсенов (1885-1921 жж.) Алашорданың көрнекті қайраткері. «Қазақ» газеті авторларының бірі. 1918 жылы түсірілген сурет.
Смайыл (Ысмайыл) Байтенұлы, Алаш қозғалысы мен Алашорда автономиясының қайраткері. "Қазақ" газеті авторларының бірі.
Ілияс Жансүгіров, ақын, қоғам қайраткері, журналист. «Қазақ» газеті авторларының бірі.
Мұхтар Әуезов, қазақ жазушысы, "Қазақ" газеті авторларының бірі. Қамауда отырғандағы суреті.
Құдайберген Жұбанов, қазақ тіл білімнің негізін қалағандардың бірі, филолог-ғалым. «Қазақ» газеті авторларының бірі. Атылар алдындағы түрмедегі бейнесі, 1938 жыл.
Мұстафа Ахметұлы Оразаев, «Қазақ» газетінің ресми иесі.
"Қазақ" газетінің тілшілері: Ғайнижамал Дулатова, Аққағаз Досжанова, Гүлайым Балғынбаева. Орынбор, 1914 жыл.
Алашорда ұлттық-территориялық автономиясы үкіметінің (Халық Кеңесінің) мүшелері Алаш қаласына (Заречная Слободка, Семей) көшіп келіп қоныстанған 1918 жылы. Үшінші қатарда отырғандар: солдан оңға қарай бірінші - Ахмет Байтұрсынұлы, бір кісіден кейін басына ақ кепкі киген - Алашорда төрағасы Әлихан Бөкейхан. 1918 жыл.
20 басындағы қазақ зиялыларының тобы. Бірінші қатарда қақ ортада ақ жейдемен отырған Әлихан Бөкейхан, оның сол жағындағы адам - Абайдың ұлы Тұрағұл, оның жанында отырған Жұбандық Болғанбаев. Екінші қатарда оң жақтан екінші тұрған Көкбай Жанатайұлы.
Бірінші қатарда (солдан оңға) екінші отырған Турағұл Абайұлы, Көкбай Жанатайұлы, Мұқан Жәкежанұлы, Ахмет Байтұрсынұлы. Екінші қатарда (солдан оңға): Елдес Омаров, Сейдәзім Кәдірбаев, қазақтың әйгілі балуаны Қажымұқан Мұңайтпасов, Міржақып Дулатов, Жұбандық Болғанбаев. Семей қаласы, 1918 жыл.
Бірінші қатарда солдан оңға қарай: Халел Ғаббасов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов. Екінші қатарда (солдан оңға): Жүсіпбек Аймауытов, Әлкей Марғұлан, Абдолла Байтасов.
Ахмет Байтұрсынұлы ізбасарларының ортасында.
20-ғасыр басындағы қазақ зиялылары. Ортада отырған - "Қазақ" газетінің өкілетті өкілі Міржақып Дулатұлы. Ташкенттегі фотостудиялардың бірінде түсірілген сурет.
"Қазақ" газетін шығарушы, ағартушы ғалым, ақын һәм журналист Ахмет Байтұрсынұлына арналған ескерткіш тақта. Орынбор, Ресей, 24 қараша 2010 жыл.
(Суреттер ғалым Сұлтан Хан Аққұлының жинағынан және журналист Болат Мүрсәлім құрастырған «Алашорда» альбомынан алынды).