30 жыл бұрынғы антиядролық қозғалыс
"Невада - Семей" антиядролық қозғалысының Қарауыл төбе етегінде өткізілген митингілерінің бірі.
Қарауыл ауылының тұрғындары "Невада-Семей" антиядролық қозғалысының митингісі кезінде ұран көтеріп шығып, Семей полигонының жабылуын талап етті.
Жергілікті тұрғын балаларының полигон салдарынан қаза тапқанын айтады.
"Невада-Семей" қозғалысының жетекшісі Олжас Сүлейменовтің (оң жақта) қарт ақын Шәкір Әбеновпен бірге митингіде жүрген кезі.
Полигонға қарсы митингіге шыққан мұғалімдердің бір тобы.
"Невада - Семей" антиядролық қозғалысының жетекшісі Олжас Сүлейменовтің Қарауылға келген бір кезі.
"Невада-Семей" антиядролық қозғалысының жетекшісі Олжас Сүлейменов (ортада) Қарауыл төбедегі митингілердің бірінде.
Семей полигонына қарсы митингіге балалар да қатысқан.
"Невада - Семей" антиядролық қозғалысы акциясына қатысушылардың бір тобы.
Сол кездегі Абай ауданының бірінші хатшысы Хафиз Матаев аудан орталығы Қарауылдағы антиядролық қозғалыс акциясына келген шетелдіктерге қошемет көрсетіп тұр.
Семей полигонын жабуды талап етіп тұрған бір топ жергілікті дәрігер мен журналист. Қара қалпақты адам - "Невада-Семей" антиядролық қозғалысының жергілікті белсендісі Болат Серікбаев.
Акцияларға байланысты "Невада - Семей" қозғалысының белсендісі Болат Серікбаевқа жасаған аудан прокурорының ескертуі.
"Невада - Семей" антиядролық қозғалысы акциялары кезінде тоқсаныншы жылдары қойылған тас. Таста ядролық сынақ құрбандары құрметіне ескерткіш тұрғызылатыны жазылғанымен, әлі күнге ондай әрекет байқалмаған.
30 жылдай бұрын "Невада-Семей" антиядролық қозғалысы Семей полигоны құрбандарын еске алу үшін тұрғызған қураған ағаш макетінің қазіргі көрінісі.