Ағаділдің жақындары мәйітті видеоға түсіргендердің үстінен арызданды
Your browser doesn’t support HTML5
Полиция Нұр-Сұлтандағы тергеу абақтысында қайтыс болды деп хабарлаған белсенді Дулат Ағаділ жерленгеннен кейін әлеуметтік желіде марқұмның денесіндегі "жарақаттар" жайлы видео тарады. Прокуратура шұғыл брифинг өткізіп, ресми сараптама қорытындысын күтуге шақырды. Ал марқұмның жақындары видеоны жариялағандардың үстінен арыз жазды.