Көкжиде кенішінде мұнайшылар ереуілінің төртінші күні
Your browser doesn’t support HTML5
Көкжиде кенішінде 25 қаңтардан бері мұнай өндірісі тоқтап тұр. Жалақыны екі есе көбейтуді, еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен екі жүзге тарта жұмысшы азаннан қара кешке дейін өндіріс аумағындағы ашық алаңқайға жиналып басшылықтың жауабын күтеді. Компания басшылығы ереуілшілер талабын орындау мүмкін емес дейді. Ақтөбе облысы, 28 қаңтар 2021 жыл.