Ақтөбеде көп балалы аналар баспана мәселесін шешіп беруді талап етті

Your browser doesn’t support HTML5

Наурыздың 6-сы күні Ақтөбеде оннан астам ана талап-арыздарын айтып, облыс әкімдігіне барды. Баспанасы жоқ аналар жергілікті биліктен әлеуметтік мәселелерін шешіп беруді сұрады. Облыс әкімімен кездесуді талап еткен наразы топты облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов қабылдады.