"Күре жолға қайықпен жетеміз". Шиқұдық ауылындағы өмір

Your browser doesn’t support HTML5

Ақтөбеден 200 шақырымдай жердегі Шиқұдық ауылының екі жүзге тарта адамы 30-40 жылдан бері жол азабын тартып келеді. Қыс түссе, жол жабылады. Көктемде өзен тасығанда жұрт ауданға қайықпен қатынайды. Жазда ғана жан-жаққа бейнетсіз жүре алатын Шиқұдықтың тұрмысын Азаттық тілшісі көріп қайтты.