"Отбасыма көмектескім келеді". Алқаптағы жұмысқа шыққан ауыл балалары

Your browser doesn’t support HTML5

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылында ондаған бала жазғы демалыста алқаптағы жұмысқа шықты. Жаз бойы қауын-қарбыз өсіріп, піскенде жинап, ақша табады. Кейбірі қалаған затын сатып алу үшін, енді біреулері тұрмысы қиын отбасына көмектесу үшін жұмыс істеп жүр. Қазақстан заңына сійкес, 16 жасқа толмаған бала аптасына 24 сағаттан артық жұмыс істемеуге тиіс. Балалардың ата-анасы жұмыс берушімен келісімшартқа отырған. Онсыз балаға жұмыс істеткендер әкімшілік жауапқа тартылады.