Алжир тұрғындары Бутефликаның отставкаға кетуін тойлап жатыр
Your browser doesn’t support HTML5
Сәуірдің 2-сі күні кешке қарай Алжир астанасында жүздеген азамат президент Әбделәзиз Бутефликаның отставкаға кетуін тойлады. Мемлекет туын көтерген азаматтар көшеде билеп, өлең айтты. 2 сәуірде Алжирдің мемлекеттік ақпарат құралдары 82 жастағы Әбделәзиз Бутефликаның отставкаға кеткенін хабарлады. Ақпарат бойынша, ол мемлекет басшысы ретінде өкілетін тоқтату туралы шешімін конституциялық кеңеске жеткізген. 20 жыл елді басқарған Бутефлика ақпан айында бесінші рет сайлауға түсетінін мәлімдеген кезде елде наразылық өршіген. Кейінірек ол биліктен кетуге мәжбүр болды.