Халық уақытша президентке де қарсы
Your browser doesn’t support HTML5
9 сәуірде Алжир парламенті жоғары палата спикері Әбделқадыр Бенсалехті елдің уақытша президенті қылып тағайындады. Парламент хабарламасынан кейін жүздеген адам көшеге шығып, Бенсалехтің тағайындалуына қарсы шықты. Жергілікті басылымдар полицияның наразыларды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданып, су шашқанын хабарлады. Бұған дейін тұрғындар тұтас режимнің ауысуын талап еткен.