"Түрмеде азап көрген, нақақ құрбан..."
Your browser doesn’t support HTML5
28 қарашада Алматыдағы Абай ескерткіші маңына Oyan, Qazaqstan жастар қозғалысының өкілдері жиналып, бақилық болған саяси тұтқын, диссидент, ақын Арон Атабекті еске алды. Белсенділер Атабектің өлеңдерін, ақынға арналған жырларды оқыды. Олар "Шаңырақ ісін" қайта қарауды талап етті. Бір сағатқа жалғасқан шараға әкімдік өкілдері келіп, жиынның заңсыз екенін ескертті. 68 жастағы Арон Атабек 24 қарашада Алматыдағы ауруханада көз жұмды.