Биыл қарашаның басында Алматыда қар жауып, ауа температурасы минус 7-9 градусқа дейін суытқан кезде қаладағы көмір сататын қоймалардың көбінің ауласы тақыр-таза болды.
Суретте: Алматыдағы көмір қоймалардың бірі. 5 қараша 2021 ж.
Бос тұрған көмір қоймасы.
Алматыдағы бос жатқан көмір қоймасы. 5 қараша 2021 ж.
Түркісіб ауданындағы мына көмір қоймасы жабық тұр. Алматы, 5 қараша 2021 ж.
5 қарашада Азаттық тілшісі аралап шыққан Алматыдағы онға жуық көмір қоймасының біреуінде ғана көмір бар екен. Түркісіб ауданындағы мына қоймаға бір күн бұрын екі вагон көмір келіпті.
Көмір алуға кезекте тұрған көліктер. Алматы, 5 қараша 2021 ж.
Көмір алуға келген кейбір көлік жүргізушісі екі күннен бері қойма басында тұрғанын айтады. Алматы, 5 қараша 2021 ж.
"Көмір келеді деп естіп, осы қойма басында қондық" дейді өзін Сәбит (сол жақта) деп таныстырған жігіт. Алматы, 5 қараша 2021 ж.
Көмір алуға келген адамдар кейде қауіпсіздік ережесі талабын елемей, көмір тиелген вагондарға тым жақын барады.
Көмір алуға кезекте тұрған көліктер.
Қоймада жүк көлігіне көмір тиеп жатқан арнайы техника.
Жүк көлігіне көмір тиеу.
Таразы басында көмір өлшетіп тұрған көліктер.
Алматыда биыл Қаражыра көмірінің тоннасы орташа есеппен 14,5 мың теңгеден сатылып жатыр. 5 қараша 2021 ж.
Қазақстанда биыл көмір бағасы былтырғымен салыстырғанда орташа есеппен 9 пайызға өскен. Қарашаның басында Алматыдағы қоймалардың көбіне көмір түспей, барында ұзын-сонар кезек пайда болды. Жұрт жылда қайталанатын мәселе әлі күнге шешілмей келеді деп шағынады.