"Дәрігер де, медбике де жоқ". Жабық ауруханадағы науқастар қараусыз қалды
Your browser doesn’t support HTML5
Алматыдағы вирус ошағының біріне айналған орталық қалалық клиникалық ауруханада жатқан науқастар өзінің қараусыз қалғанын айтып шағынды. Олардың сөзінше, түрлі науқас араласып жатқан бөлімде қазір дәрігер де, медбике де жоқ. Азаттық сөйлескен дәрігер мұны растап, ауруханада қорғаныш құралдары да, маман да тапшы екенін айтады. Денсаулық сақтау басқармасы науқас пен дәрігер сөзін жоққа шығарады.