Сот Азаттық шағымын тергемеген полиция әрекетін заңсыз деді

Your browser doesn’t support HTML5

Сәуірдің 15-іне Алматы қалалық тергеу соты Азаттық тілшілерінің жұмысына кедергі келтіру ісін жүргізген полицейдің әрекетсіздігін заңсыз деп танып, істі қайта тергеуге жіберу туралы қаулы шығарды.
Сәуірдің 15-іне Алматы қалалық тергеу соты Азаттық тілшілерінің жұмысына кедергі келтіру ісін жүргізген полицейдің әрекетсіздігін заңсыз деп танып, істі қайта тергеуге жіберу туралы қаулы шығарды. 2019 жылы 22 наурызда Алматыда өткен наразылық кезінде бірнеше адам Азаттықтың түсірілім тобының камерасын көлегейлеп, тілшілердің жұмысына кедергі келтірген. Журналистер жазған шағымға бір жылдан аса уақыт жауап болмады.