Алматыда мәнті күнін атап өтті

Мәнті күні Алматыда жақында ашылған ойын-сауық орталығында өтті
 

Қырғызстан және Өзбекстандағы аспаздардың арқасында халықаралық деңгейде тойлана бастаған мәнті күніне Қырғызстаннан қонақтар қатысты. Олар келушілерге мәнтінің сан алуан түрін ұсынды

Шараны ұйымдастырушылардың бірі - Мансур Мулдакулов және ресторатор Юрий Пааль

Халықаралық мәнті күнін Қазақстанның аспаздар қауымдастығы қолдады

Халықаралық мәнті күні жылдам ұйымдастырылып, аз жарнамаланса да фестивальға көп адам келді

Суретте ұйғырлардың дәстүрлі тағамы - қуырылған хошандар

Қонақтар фестиваль барысында түрлі-түсті мәнтінің дәмін татып көрді: қара, жасыл, қызыл мәнті. Суретте қыз ұстап тұрған қара мәнтіні әзірлеу үшін аспаздар теңіз жәндіктерінің бірін (черная каракатица) қолданған. 

Асжапырақ қосылған "жасыл" мәнті

Ал мына мәнтілердің қамырын әзірлеген кезде қызылша шырыны қолданылған. Мәнтінің түстері ғана емес, дәмінде де айырмашылықтар бар. Мысалы, жасыл мәнтілерге ет қосылмаған. Оларды Қазақстанның аспаздар қауымдастығы дайындаған.
 

Фестивальға қатысушы аспаз мәнті дәмін татып тұр

Қызына мәнті беріп тұрған әйел
 

Келушілер мәнтіні әзірлеу әдістерін де бақылап тұрды

 

Аспаздардың бірі мәнтіпісіргішті ашып қалып еді, айналаға астың мұрын жарған иісі тарады
 

Аспаздар бууз - моңғолдардың "мәнтісін" әзірлеп жатыр
 

Мәнтінің дәмін көру үшін келушілер кезекке тұрып, тағамның жаңа порциясы дайын болғанша ерінбей күтіп тұрды. Аспаздар дайындаған мәнтінің дәмін тату тегін болған жоқ. Арнайы билетпен кірген келушілердің әрқайсысына екі мәнтіден үлестірді.
 

Ас мәзірінен бөлек, шарада ойын-сауық бағдарламасы да қойылды. Суретте "Долан" би тобы өнер көрсетіп тұр 

Аспаздардың барлығы мерекеге сай киінген

Шара соңында аспаздарға арнайы дипломдар мен сертификаттар тапсырылды. Дипломдарды Юрий Пааль тапсырды. Фестивальға 13 адам қатысты. Олардың арасында мейрамхана, дәмхана аспаздары, Қазақстанның аспаздар қауымдастығы және Қырғызстанның KDK клубының өкілдері болды.