Ондаған адам әкімнен үй мен жәрдемақы мәселесін шешуді талап етті
Your browser doesn’t support HTML5
16 шілдеде Алматыда ондаған көп балалы ана мен «Нұрлы жер» баспана бағдарламасына көңілі толмайтындар Алатау ауданы әкімдігіне келіп, наразылық танытты. Жиналғандардың бір бөлігі «Нұрлы жол» баспана бағдарламасына ақша салғандарын, бірақ әлі күнге үй кілті қолдарына тимегенін айтып, шағынды. Енді бір топ атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсырса да, әлі ала алмай жүргендерін айтты. Наразылардың ішінде атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыра алмай жүргендерін айтқандар да болды.