Ақсай шатқалындағы монастырь

Ақсай шатқалындағы Ақжар скитіне қарай жүру бағытын көрсететін белгі. Скитке барушылар осы жерге көлігін қалдырып, әрі қарай тауға жаяу көтеріледі.

Ақжар скиті Қызылжар тауында орналасқан. Оған жету үшін монастырдың осы сыртқы қақпасынан өтіп қияға өрлеп шығу керек болады.

Ақжар скитіне көтерілер тұс. Монастырь аумағына кіру тәртібі көрсетілген белгі.  

Скитке көтерілгенде демалу үшін қойылған орындық. 

Ақжар скитінің ішкі кіреберіс қақпасы. 

Тасқа қашап салынған крест белгісі. 

Ақжар скитіндегі часовня.

Часовняның ішкі көрінісі. 

Шырағдан.

Скит ішіне бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынған. Мұнда тек монахтар тұрады.

Бөгделердің кіруіне тыйым салынғаны туралы жазылған тақтайша.

Бұзылған храмның орны.  

Ақсай скитіндегі бұрынғы храм. Сурет Qazagstan Travel Guide - qtg.kz сайтынан алынды. Азаттыққа жариялауға рұқсат берілген сурет.

Ақжар скитінің жоғарғы бөлігі Сатылы шатқалына құлайды. 

Монастырға Қырғауылды ауылы жағынан да баруға болады. Қырғауылды жолымен келген адамдар осы есік арқылы Ақжар скиті аумағына өтеді.

"Қырғауылды" ауылы жақтағы жолдан скитке келе жатқан адам.

"Қырғауылды" жолы жағынан скит орналасқан тұсқа қарағандағы көрініс.

Қызылжар биігінен Ақсай шатқалы мен Алматы қаласына қарағандағы көрініс.