"Градусникті өзіміз сатып алдық". Вирус жұққан медқызметкерлер жұмыс істеп жүр
Your browser doesn’t support HTML5
Алматы қаласының орталық клиникалық ауруханасының инсульт бөлімінде егде жастағы туысы емделіп жатқан азамат «әжеме коронавирус табылған медбикелер қарап жатыр» дейді. Бөлімшедегі екі медицина қызметкері тұрғын сөзін растады. Олар «коронавирус ошағына сәуірдің 12-сінде басшылық жұмысқа шақырғанын, вирусты ауруханада жұқтырып алғанын» айтады. Азаттық сөйлескен қызметкерлер «қызу өлшейтін құралды өзіміз сатып алдық, қазір ешқандай ем алмай жатырмыз» дейді.