Көкжайлау мен Құмбелдің көріністері
Көкжайлауға Алма-Арасан шатқалы жағынан велосипедпен шығып бара жатқан адам. Жол бойында қаланған бетон-плиталар көрінеді. Соңғы уақытта Көкжайлауда табиғат жанашырлары мен экологиялық белсенділердің наразылығына қарамастан, тау шаңғысы базасы құрылысы басталып кеткен еді.
Тау шаңғысы базасы іргетасы құйылып жатқан құрылыс алаңы биылдан бастап қоршауға алынған. Жарық тартылмаса да, құрылыс жұмыстарының жүріп жатқаны байқалады. Құрылыс Көкжайлаудың бас жағына баратын жаяуларға арналған тау соқпағының жиегіне салынған.
Мотоцикл мініп Көкжайлауға демалуға келіп, қайтып бара жатқан адамдар.
Көкжайлауда жаңадан жасалған жаппа. Көкжайлау мен Алма-Арасан шатқалы арасында кеше осындай екі жаппа салынды. Алдағы уақытта екі ортаға осындай бес жаппа тұрғызылмақ.
Көкжайлау маңындағы трекинг орындары үшін қойылған бағдар-белгі.
Көкжайлауда жайылып жүрген жылқылар.
Көкжайлауда жайылып жүрген жылқы.
Ел ішінде "Үш ағайынды" аталып кеткен биіктен қарағандағы Көкжайлаудың көрінісі.
Мына жартастарға байланысты тау "Үш ағайынды" аталып кеткен деседі. Бұл биік Құмбел шыңының батыс сілеміне жатады.
"Үш ағайындыдан" Құмбел шыңына шығу үшін шығысқа қарай жүріп осындай екі биікті асу керек болады. Шыңның теңіз деңгейінен есептегендегі биіктігі 3200 - 3600 метр деп шамаланады..
Құмбел бөктерінен қарағандағы көрініс.
Құмбел бөктерінен қарағандағы көрініс.
Құмбел шыңының ұшар басында жүрген адамдар.
Құмбел шыңының басындағы белгі.
Шыңның шығыс бетіндегі шатқалдан көтерілген тұман.