"Арандату болады-ау деп қауіптендік". Әйел теңдігі үшін өткен марш
— Бізде бәрі жақсы деп үндемей жүре берсек айналамызға біздің дауысымыз естілмейді. Бәлкім, қоғам біздің барымызды да білмес. Сондықтан бүгін біздің, Қазақстан әйелдерінің, бар екенін бүкіл ел білді. Біздің дауысымызды бәрі естіді, сондықтан оны елемеуге болмайды. Әйелдердің белсенділігі – билікке талас емес, ол - өміріміз үшін күрес. Бұл – зорлық құрбаны болған әр әйел үшін күрес; бұл – өзін қорғап, түрмеде отырғандар үшін күрес; бұл – үндей алмай отырған әр әйел үшін күрес, - деді марш ұйымдастырушылардың бірі Арина Осиновская.
Марш алдында ұйымдастырушылар жиналғандарға “колоннамен жүреміз, қоқыс тастамайсыз, балағаттамаймыз, арандатушылыққа бой алдырмаймыз, полиция мен арандатушыларға мән бермейміз” деп ескертті.
Полиция Шевченко көшесі бойындағы қозғалысты тоқтатып, шеруге келгендердің өтуіне мүмкіндік берді. Полицейлер айналада не болып жатқаны да байқап тұрды. Айналада штаттық киімдегі адамдар да сырттан жағдайды бақылаумен болды.
Полицей шеру кезінде жолды бақылап тұр.
— Мұнда құқымызды қорғау үшін келдік. Әйел үй тазалаушы я инкубатор емес. Қоғамда олардың да еркекпен тең құқығы болуы тиіс. Өкінішке қарай, Қазақстанда жағдай ойлағандай емес, бірақ бізге шеру өткізуге рұқсат берудің өзі – біздің кішігірім жеңісіміз, - деді қатысушылардың бірі.
Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина шеруде.
Алматыдағы маршта кейбір адамдар “тыйым салынған ұйымның қызметіне араласты” деп қамауда отырған белсенділерді босатуды талап етті. Бұған дейін оппозициялық саясаткер, ҚДТ қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әблязов жақтастарын осы маршқа қатысуға шақырған. Қазақстан ҚДТ қозғалысын экстремистік деп таныған, ал Еуропарламент бұл ұйымды “бейбіт оппозициялық қозғалыс” деп атаған.
Белсенділерді босатуды талап еткендер "Бостандық!" деп айғайлап жүрді.
Маршқа қатысушылардың бірі.
Маршқа келгендердің бірі.
Маршты үйінің балконынан бақылап тұрған адам.
Маршқа терезеден қарап тұрған тұрғын.
Кейбір адамдар не болып жатқанын түсінбей әйелдер маршын видеоға түсіріп жатты.
– Олар не талап етіп жүр? – деп сұрады бір ер адам менен.
– Әйелдер құқығы мәселесін көтеріп жүр.
– Иә, ол жақсы ғой, бірақ барлық дүкенді не үшін жауып тастаған? – деп шағымданды ол. Ер адам марш өтетін жолдағы барлық азық-түлік дүкені жабық екенін айтты.
Шеру кезінде бір ер адам әйелдің киімін киген жігітке шабуылдап, басындағы парикін жұлып алды. Оларды полиция ажыратып алды.
Шеруге келгендер “Гүлге сатылма, ертең пештің маңында жүресің”, “Менің тәнім – менің шаруам”, “Зорлыққа жол жоқ” деп ұрандатты. Суретте марш ұйымдастырушылардың бірі – Вероника Фонова.
Әйел теңдігі шеруіне қатысушы.
– 400 белгі тапсырдық. Демек, бүгінгі шарада кем дегенде 500 адам болды. Көп адам келгені қуантты. Тыныш өткеніне, арандату болмағанына қуандық. Бір шу шығып, бізді ұрып тастай ма деп ойлаған едім. Бәрі тыныш өтті, - дейді ұйымдастырушылардың бірі Фариза Оспан.
Плакат ұстап тұрған қатысушы.
Шеру қатысушысы.
Шеру қатысушылары Шевченко көшесімен жүріп барады.
Шеруге келгендердің плакаттары.
Шеруге келген әйел плакат ұстап тұр.
Шара қатысушысы.
Шеруге келгендер.