Билікке талап және әкімдік ескертуі
Your browser doesn’t support HTML5
Қарашаның 9-ында Алматы мен Нұр-Сұлтанда Oyan, Qazaqstan және "Республика" қозғалысы митинг өткізді. Митингіде сөйлеген жастар елге қоғамдық-саяси өзгерістер керек екенін айтты. Алматыдағы Абай ескерткішінің алдында белсенділер "парламенттік республика", "гүл өссе елдің көркі, шал кетсе, елдің көркі" деген жазуы бар плакаттар ұстап тұрды. Нұр-Сұлтанда қала әкімдігі рұқсат еткен митинг "Жерұйық" саябағында өтті. Митинг басталмай тұрып, екі қалада белсенділердің ұсталып, оларға ескерту жасалғаны хабарланды.