Алматыдағы митингіде саяси реформа мен саяси тұтқындарды босатуды талап етті

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина өзі ұйымдастырған митингіде сөйлеп тұр.

Алматы әкімдігі келісім берген митинг Ғылым академиясы жанындағы Шоқан Уәлиханов ескерткішінің алдында өтті.

Митинг болатын жерде адамдардың арақашықтық сақтап тұруы үшін жерге белгі сызып жатқан адам. Қазақстанда наурыз айынан бері коронавирус індетінен 2 мыңанн астам адам көз жұмып, жүзден астам адамға вирус жұққан.

2006 жылы Алматының Шаңырақ ықшамауданында болған оқиғадан кейін 18 жылға сотталған, қазақстандық құқық қорғаушылар саяси тұтқын деп таныған Арон Атабектің суретін ұстап тұрған адам.

"Қазақстан еркін ел ме?" деген жазу ұстап тұрған адам.
 

Алматыдағы билік келісім берген митингіде "Реформа емес, реформа керек!" деген жазу ұстап тұр. 31 қазан 2020 жыл.

Сайлауды бақылауға үндейтін жазу ұстап тұрған адамдар. Қазақстанда 2021 жылы 10 қаңтарда кезекті парламент сайлауы өтуі тиіс.

"ДАТ" газеттер жобасының жетекшісі, журналист Ермұрат Бәпи митингіде сөйлеп тұр.

Наразылық акциясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа елде саяси құқықтар мен бостандықтар туралы халықаралық пактінің қағидаттары орындалмай отырғаны жазылған үндеу ұстап тұрған адамдар.

Саясаткер Хасен Қожахмет митингіде сөйлеп тұр.

Саяси тұтқындарға бостандық және саяси реформа талабымен ұйымдастырылған митингіге жиналған адамдар.

Митинг өтіп жатқан жерде тұрған полиция көлігі.

Митингіге келген адамдардың бірі.

Kazakhstan - authorized protests in Almaty. 31 October 2020

Митинг өтіп жатқан жерде тұрған полиция көлігі.