Зорлау қылмысына жаза қатайту мәселені шеше ме?
Your browser doesn’t support HTML5
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында зорлау мен тұрмыстық әлімжеттік жасағандарға жазаны қатайту қажет екенін айтқан. Жолдаудан соң прокуратура арнайы заң жобасын әзірледі. Жобаға сәйкес, бұған дейін орташа дәрежедегі қылмыс болып келген «зорлау» бабы ауыр
қылмыстар санатына қосылмақ. Ал кәмілет жасына толмағандарды
«зорлағандар» 20 жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Бірақ
сарапшылар жазаны күшейтумен мәселе шешілмейді дейді.