Бюллетеньді топтап салды, комиссия мен бақылаушы "байқамады"
Your browser doesn’t support HTML5
Азаттық тілшісі парламент және мәслихаттар сайлауы күні Алматы облысы Жамбыл ауданы Қасымбек ауылындағы №344 және Қарасай ауданы Еңбекші ауылындағы №446 сайлау учаскелерінде бір адамның сайлау жәшігіне үштен көп бюллетень тастағанына куә болды. Сол жердегі сайлау комиссияларының мүшелері де, байқаушылар да бұл туралы қойылған сұраққа жауап бермеді. 446 сайлау учаскесінің төрайымы журналистің тез кетуін талап етті.