Қорғастағы сатушы мен алушы
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстанның «Қорғас» шекара бекетінің Қытай жақ бетінде соңғы бірнеше жылдың көлемінде тұтас қала пайда болды. Шекаралық аймақтағы сауда орталығына бару үшін қазақстандықтар алагеуімнен ұзын-сонар кезекке тұрады. Қазақстан билігі шекараның бергі жағында 100 мың адам тұратын Нұркент қаласын салу жоспары туралы мәлімдеген. Әзірше ол жерде үш мың тұрғыны бар шағын елдімекен бар. Азаттық тілшісі Асылхан Мамашұлы шекаралық аймақта болды.