Алматы маңында саяжайларды су басты
Your browser doesn’t support HTML5
Алматы облысы Қарасай ауданы Ақсай-19 елдімекенінде орналасқан саяжайдағы үйлерді су басып жатыр. Тұрғындар мен төтенше жағдайлар қызметінің ақпараты бойынша, Қырғауылды өзені суға толып, арнасынан асып кеткен. 150-ден астам үйдің ауласына су жайылған. Тасқын Алматы-Ұзынағаш тас жолын да басқан.