Митинг өтпеген күнгі жаппай ұстаулар
Your browser doesn’t support HTML5
Маусымның 23-і күні Астана, Алматы мен Шымкентте полиция көшеге шыққан ондаған адамды ұстады. Ешқандай талап қоймай, қолында плакат я басқадай заттар болмаған адамдарды полиция елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы митингілер өтеді деп белгілеген жерлерде ұстап, көлікке күштеп салып алып кетті. Ұсталғандардың кейбіріне әкімшілік хаттама толтырып, сенбінің кешінде сотқа тартты.