Консулдықта жоғалған журналист
Your browser doesn’t support HTML5
Сауд Арабия билігі екі аптадан соң журналист Жамал Хашоггидің жоғалуына байланысты тергеу жүргізуге бұйрық беріп отыр. Ал Түркия құқық қорғау органдары Сауд Арабиясының Стамбулдағы консулдығы ғимаратына тінту жүргізді. Түрік билігі журналисті елшілікте азаптап өлтіруі мүмкін дейді. 2 қазанда Стамбулдағы Сауд Арабиясы консулдығына кіріп, із-түзсіз жоғалған оппозициялық журналистің жоғалуына батыс елдері алаңдап отыр. 15 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп журналиске қатысты жағдайды талқылау үшін Эр-Риядқа мемлекеттік хатшы Майк Помпеоны жіберді. Бұған дейін Трамп Сауд Арабиясы билігінің журналистің өліміне қатысы бары расталса, қару-жарақ тасымалдау бойынша келісімнің күшін жоятынын мәлімдеген. Жамал Хашогги – Сауд Арабиясы билігін сынаған оппозициялық журналист.