Таудағы құрылыс. Алма бағының орнына не салынбақ?

Your browser doesn’t support HTML5

Алматыда тауға жақын саяжай тұрғындары жаңадан басталған құрылысқа тоқтатуды талап етеді. Айтуларынша, коттедж қалашығы салынады делінген аумақ Алматы обсерваториясына жақын. Тұрғындар жер жеке меншік болса да, ондағы алма бақтың оталуына, ғимарат салынуына қарсы. Ал әкімдік құрылысқа рұқсат бермедік деп отыр.