Студенттер сайлауға қатысуға мәжбүрлеп жатқанын айтады. Университет жоққа шығарады

Your browser doesn’t support HTML5

Алматыдағы Қазақ ұлттық университетінің әкімшілігі сайлау қарсаңында жатақханада тұратын студенттердің дерегін сұрап, студенттерді дауыс беруге міндеттеп жатқаны туралы ақпарат тарады. Masa Media басылымына бірнеше студент кураторлармен сөйлескен чаттың суретін жіберген.