"Мені не үшін атты?" Қаңтар оқиғасында оқ тиген алматылық мемлекеттен өтемақы алмай жүр

Your browser doesn’t support HTML5

Алматы соты Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп, мүгедек болып қалған Бибігүл Дүйсенованың өтемақы жөніндегі талап арызын қанағаттандырмай тастады. Дүйсенова былтыр 7 қаңтар түнгі үш шамасында таксимен Шымкенттен Алматыға келіп, Республика алаңы маңында оққа ұшқан.