Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау қалай өтіп жатыр?

Шымкент қаласындағы №233 сайлау учаскесінде дауыс беру басталар алдындағы дайындық. 19 наурыз, 2023 жыл.

Жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 7.00-де сайлау учаскесі ашылғаннан кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ойналды. №233 сайлау учаскесі, Шымкент, 19 наурыз, 2023 жыл.

Астана қаласындағы №111 сайлау учаскесіндегі алғашқы дауыс берушілер. 19 наурыз, 2023 жыл.

№233 сайлау учаскесіндегі комиссия мүшелері (оң жақта тұрғандар) мен байқаушылар (сол жақта отыр). Шымкент, 19 наурыз, 2023 жыл.

Кезектен тыс сайлау пропорционал және мажоритар жүйе арқылы өтіп жатыр. Мәжілістің 69 депутаты (70 пайызы) партиялық тізіммен, ал 29 (30 пайызы) депутат бірмандатты округтер бойынша өзін-өзі ұсыну жолымен сайланады.

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Астанадағы №111 сайлау учаскесінде дауыс беріп тұр. 19 наурыз, 2023 жыл

Астана қаласындағы №111 сайлау учаскесіндегі байқаушылар. 19 наурыз, 2023 жыл.

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы №393 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Журналистер оған сұрақ қойып, жауап күткен еді. Бірақ Назарбаев бетін сипап тілек айтты да, сауалға жауап берместен кетіп қалды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауға дауыс беріп кеткенінен журналистердің көбі хабарсыз қалды. Тоқаев алдын ала хабарланған уақыттан екі сағат бұрын дауыс беріп кеткенін тілшілер кеш естіді. 

Елдің көп бөлігіндегі сайлау учаскелерінде дауыс беру Астана уақытымен таңертең сағат 7.00-де басталды. Уақыт айырмашылығына байланысты Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру Астана уақыты бойынша сағат 8.00-де басталды. Дауыс беру сағат 20.00-ге дейін жалғасады. Сайлаушы тізімінде 12 миллионнан астам азамат бар.

Облыстық, астаналық және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары да аралас жүйемен: жартысы партиялық тізіммен, қалған жартысы бірмандатты округтерден, ал аудандық және облыстық маңызы бар қала мәслихаттары тек бірмандатты округтер арқылы сайланады.

 

Парламентте бұрыннан бар "Аманат", Қазақстан халық партиясы және "Ақ жол" партиясына қоса Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, "Ауыл", Respublica және "Байтақ" партиялары түсіп жатыр. Парламентке өту үшін партия бес пайыздық межені еңсеруі керек.

Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздігін жарияланғаннан бері осымен тоғызыншы рет парламент сайлап жатыр. Парламент сайлауының көбі кезектен тыс өткізілген.

Шымкенттегі №233 сайлау учаскесі орналасқан 72-мектеп, 19 наурыз, 2023 жыл

Мәжілістегі 29 орынға бірмандатты округтерден саяси бәсекеге түскен жүздеген кандидат таласып жатыр.

Kazakhstan – an early parliamentary and maslikhats election. Shymkent, polling station #233, March 19, 2023

Kazakhstan – an early parliamentary and maslikhats election. Observers at polling station #233, Shymkent, March 19, 2023

Саясаттанушылар Ақорда "жаңа Қазақстан" құруға уәде еткеніне қарамастан, сайлау науқаны ескі әдіс-тәсілмен өтіп жатыр дейді. Кандидат болуға өзін-өзі ұсынған ондаған адам түрлі сылтаумен, көбісі "сайлау декларациясындағы мәліметтер дұрыс емес" деген желеумен сайлаудан шеттетілді, арасында белсенділер, блогерлер, ғалымдар бар.