Жаңа оқу жылы қарсаңында Ақтөбеде орамал дауы қайта көтерілді

Your browser doesn’t support HTML5

Қыздары орамал тартатын ондаған ата-ана облыс әкімдігіне барып, Конституция кепілдік берген құқықтары бұзылып жатқанын айтты. Білім басқармасының дерегінше, 7 оқушы "мектеп формасын сақтамады" деп келесі сыныпқа көшпей қалған. Ата-аналар "бұл 7 оқушының ғана емес, жүздеген баланың мәселесі" дейді.
Жаңа оқу жылы қарсаңында Ақтөбеде «орамал дауы» қайтадан қозды.Оқушы қыздары орамал тартатын ондаған ата-ана облыс әкімдігіне барып, Конституция кепілдік берген құқықтары бұзылып жатқанын айтты. Ақтөбе облыстық білім басқармасының дерегінше, «мектеп формасын сақтамаған» 7 оқушы келесі сыныпқа көшпей қалған. Ал ата-аналар болса, бұл 7 оқушының ғана емес, жүздеген баланың мәселесі дейді.